Джо Байденнің ұлы 25 жылға бас бостандығынан айырылмақ
АҚШ-та алқабилер Джо Байденнің ұлы Хантер Байденді қаруды сатып алу кезінде есірткі пайдаланып, өтірік айтқаны үшін кінәлі деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Тheshaderoom.com
Делавэр сотында алқабилер үш сағат кеңесіп, Хантер Байденді үш айып бойынша да кінәлі деп санады.
54 жастағы Байден 2018 жылы крэк есірткісін тұтынып, тапанша сатып алған. Әрі өзінің мас екенін жасырған.
“Хантер Байденнің сотталуы президенттік науқанға немесе америкалықтардың сайлаудағы дауыс беруіне әсер етуі екіталай. Бірақ айыпты үкім АҚШ президенті үшін ауыр жеке соққы болуы мүмкін”, – деді BBC Солтүстік Америка шолушысы Энтони Цуркер.
Судья үкімнің 120 күн ішінде шығарылуы мүмкін екенін ғана айтты.
Байден 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, бірақ заңгерлер ол түрмеде көп болса 2 жыл отырады деп болжап отыр.
Оңтүстік Техас заң колледжінің профессоры Дрю Стивенсонның айтуынша, есірткі тұтынған кезде қару ұстағаны үшін көп дегенде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы беріледі