Джо Байден президенттік бәсекеден кеткенін мәлімдеді
Джо Байден Америка құрама штаттары президенті болып қайта сайланбайтынын, президенттік бәсекеден шығатынын жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Bbc.com
Байденнің айтуынша, үміткер болудан бас тартқанына қарамастан ол мерзімінің соңына дейін президент болып қала береді.
Байденнің АҚШ азаматтарына президенттік сайлаудан бас тарту туралы үндеуінің толық мәтіні оның X желісіндегі аккаунтында, сондай-ақ Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
"Сіздердің президентіңіз ретінде қызмет ету менің өмірімдегі ең үлкен мәртебе болды. Мен қайта сайлануға ниет білдіргенімен, отставкаға кеттім. Тек қалған мерзім бойынша президент ретіндегі өз міндеттерімді орындауға ғана назар аудару партиям мен елімнің мүдделеріне сай келеді деп ойлаймын", – делінген хабарламада.
Фото Джо Байденнің желідегі парақшасынан алынған
Байден неге кетеді?
Байденнің жасы туралы сұрақтар ол тағайындалғалы бері қызу талқыланып жатыр. Келесі мерзімінің соңында ол 86 жасқа толар еді. Бірақ олар маусым айының соңында Трамппен пікірталастан кейін президенттің жасы туралы жұртшылық көп сын тақты.
Дебат кезінде АҚШ президенті алжасқан болып көрінді және үнемі сөзін құрастыра алмай отырды. Кейінірек ол бәрін шаршаумен байланыстырса да , кейінгі оқиғалар халық ойын басқа арнаға бұрды.
Алғашқы күндері-ақ Байденді жарыстан шығу туралы өтініштер, әсіресе, журналистер мен анонимді көздерден келе бастады. Бұдан кейін кейбір ауқатты партия демеушілері мен актер Джордж Клуни оның қызметіне ашық нарызылық білдірді. Конгрессмендер де қалыс қалмады. Мұнда әуіелі төменгі Өкілдер палатасынан жиырма адам, содан кейін негізгі палатадағы демократтар – Сенат Байденге жарыстан шығуды ұсынды.
Байден мен оның қасындағылар оның күш-қуаты толы екенін және ешқайда кетпейтінін ант етті. Бір кезде Байден тіпті "тек Құдай" оны жарыстан алып тастай алатынын атап өткен еді.
Байден Вашингтондағы НАТО саммитінен кейінгі баспасөз мәслихатында қағазсыз сөйлеуге жіберілді. Бірақ ол журналистердің бір сағатқа созылған сұрақ-жауабынан кейін сасқалақтады. Сол жерде ол Украина президенті Зеленскийді "Ханымдар мен мырзалар, президент Путин!" деп таныстырды.
Ал баспасөз мәслихатында ол Камала Харристі "Вице-президент Трамп" деп атады.
Айта кетейік, көп ұзамай Трампқа митингіде қастандық жасалып, құлағының бір бөлігі оқ жырып кетті. Мұнда Джо Байденнің қатысы бары айтылды. Бұдан бөлек Байден коронавириустан кейін төсек тартып қалған еді. Бұдан соң оның денсаулығы да сыр берді.
Еске салайық, бұған дейін Америка құрама штаттарының президенттігіне үміткер Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты реттеуге, сондай-ақ Үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға тағы да уәде берді. Саясаткер бүкіл әлем Үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуына өте жақын екенін айтты. Дональд Трамптың айтуынша, егер ол сайлауда жеңіске жетсе, Джо Байден әкімшілігі тудырған барлық халықаралық дағдарысты тоқтатамын деп ант берді.