Жағдайы ауыр: Джеки Чан шұғыл ауруханаға жатқызылды
Қытайдың аты аңызға айналған актері және жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чанның 25 желтоқсанда Шанхайдағы Линь Шань ауруханасына түсіп қалғаны белгілі болды. Кейбір мәліметтер бойынша, дәрігерлер актердің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-Украина басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
69 жастағы актер Джеки Чан Шанхайдағы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып, дәрігерлер оған барлық қажет көмекті көрсетуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарында атап өтілгендей, Джеки Чанның ауруханаға жатқызылуы туралы барлық жаңалықтар қытайлық әлеуметтік желілерден белсенді жойылып, бұл туралы хабарлаған аккаунттар бұғатталған.
Қазіргі уақытта жекпе-жек шеберінің жағдайы туралы ресми ақпарат жоқ, Джеки Чанның отбасы мен достары оның денсаулығына қатысты пікір білдірмеген.
- Әзірге дұрыс үміткер жоқ: Танымал актер Джеки Чан өз ізін басар шәкірт іздеп жүр
- "Қазақ қытай бір туған": Джеки Чан домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады
Сондай-ақ Балқанда түсірілім кезінде актердің басынан ауыр жарақат алып, күрделі ота жасалғаны туралы ақпарат бар. Миының орнынан қозғалып кету қаупі туралы да айтылған.
Джеки Чан – Гонконг, қытай және американдық кино актері, режиссер, продюсер, каратэші, әнші, музыкант және биші. Ол актерлік мансабын 1962 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін фильмдерге түсуді жалғастыруда. Кинодағы көрнекті жетістіктері үшін “Оскар” сыйлығын алған.
Ол фильмдердегі трюктердің көпшілігін дублердің көмегінсіз өзі орындайды. Өмірінде ол түрлі жарақаттар да алған.