Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дұрыс ілінбесе, айыппұл салынады: Қазақстанда туды қолданудың шарттары жарияланды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова туды ілудің шарттарын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік туды қолданудың қолданыстағы ережелері қайта қаралды. Нәтижесінде азаматтар үшін мемлекеттік туды қолдану аясы заңнамалық тұрғыдан кеңейтілді.

- Мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда) қолдана алады. балкондарда және патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде.

- жеке тұлғаларға мемлекеттік туды ғимараттың архитектуралық ерекшеліктеріне қарамастан, бір қабатты және (немесе) көп қабатты үйлерге орналастыру кезінде пайдалануға мүмкіндік беріледі.

- Бұдан былай жеке адамдар ғимараттарға орналастырылған мемлекеттік туды түнгі уақытта жарықсыз қолдана алады. Бұл талап (қараңғыда жарықтандыру) тек заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты.

Сонымен қатар, ту ұлттық стандартқа сай келмейтін болса, онда адамға әкімшілік құқықты бұзғаны үшін айыппұл салынады. Оған қоса, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік туды қорлау нысаны ретінде пайдалана алмайды. 

"ҚР туы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі керек. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік туды ұлттық стандарттарды бұза отырып пайдалануға жол берілмейді. Өз кезегінде ҚР туы қойылатын нысандарды, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандартты бұзу болып есептеледі.  Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін ҚР туын заңсыз дайындағаны үшін айыппұл қарастырылған", - дейді министр. 

Оған қоса Ақтоты Райымқұлова туды дұрыс ілмегені үшін де айыппұл салынатынын айтты. 

"Егер ту дұрыс ілінбесе, туға басқа заттар кедергі болып тұрса, ту кірлесе, былғанса әкімшілік жауапқа тартылатын болады", - деп нақытлады министр. 

Талқылау