"Дұға етіп қойыңыздаршы": Аша Матайдың денсаулығы сыр берді
Отандық тележүргізуші Аша Матай үш ай күйзелісте жүргенін жасырмай атты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/asha_matai
Тележүргізуші қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем шақыртқан.
“Үш айлық күйзеліс пен бес күн қан қысымның көтеріліп-түсуінің нәтижесі. Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы. Күш-қуатым әлсіреп, бірқатар анализ тапсырдым. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай, мен сынбаймын. Сынуға құқым жоқ. Менің екі кішкентай балам бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек. Біздің денсаулығымыз бен балаларымыз – аманат”, – деп жазды Аша Матай.

"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған