Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасы көкпардан финалда Қырғызстанды жеңді
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан финалға шығып, алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясы
Көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарынының финалында жолықты. Ақтық бәсекенің бірінші кезеңі 1:3 есебімен қырғыз көкпаршыларының пайдасына шешілсе, екінші кезеңде есеп теңесті (4:4). Ал қосымша уақытта Қазақстан құрамасы бірінші болып салым салып, жеңісті жұлып алды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Қырғызстаннан басым түсіп, 28-алтын медальға ие болды. Ал Қырғызстан командасы күміс жүлде иеленді.
Айта кетейік, көкпар жарысынан қола жүлдені Ресей құрамасы Түркия командасын 8:2 есебімен жеңіп алды. Бүгін көк бөріден де Қазақстан және Қырғызстан командалары Көшпенділер ойындарының алтынына таласады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан

