Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дума депутаттары қазақстандық әншінің Ресейде концерт өткізуіне қарсылық білдірді

Ресейдегі мемлекеттік дума депутаттары Jah Khalib лақапатымен танылған қазақстан әншінің ел аумағында концерт өткізуіне қарсылық білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекеттік думадағы оқу-ағарту комитеті төрағасының бірінші орынбасары Яна Лантратова концертке тыйым салуды ұсынып, Мәскеу мен Санк-Петербург қалаларының басшыларына өтініш білдірген. 

"Бас прокуратура, Мәскеу мэрі мен Санк-Петербургтің губернаторына Украина қарулы күштерін ашық қолдайтын рэпер Jah Khalib-тің Ресейдегі концертіне тыйым салу туралы өтініш білдірдім", – деді Лантратова.

Дәл осындай ұсынысты думадағы ТМД істері, еуразиялық интеграция мен отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары Александр Бородай да білдірген. 

"Қазақстаннан шыққан Бахтиярдың концертін ұйымдастырған адамдар оған Ресейде ақша табуға мүмкіндік береді. Бірақ олар Отан үшін, орыс әлемінің өмір сүруі үшін соғысып жатқан адамдарға сатқындық жасады", – деді Бородай. 

Jah Khalib лақапатымен танылған Бахтияр Мамедов Мәскеу мен Санк-Петербург қалаларында жеке концертін өткізбек болған. Ал депутаттар тарапынан қарсылыққа ұшырауына былтыр желіде жариялаған жазбасы себеп болды. 

"Қазір Киевтеміз. Бір орыннан екінші орынға ауысып жүрміз. Дін-аманбыз, дүрлігудің керегі жоқ. Украиналықтар, мен енді сіздерді жай ғана жақсы көрмеймін. Мен сіздерге тамсана қараймын", – деп жазды әнші. 

Талқылау