Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дүкенде кеудесінен ұстаған": Алматы тұрғыны әдепсіз әрекет жасаған ер адамның үстінен шағымданды (видео)

Алматы тұрғыны дүкенде кеудесінен ұстаған ер адамның үстінен шағымданды. Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші супермаркетте түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Кадрда ер адамның мас болғаны көрінеді. Оқиға орын алған кезде жанында досы бірге жүрген.

"18 тамызда досым екеуміз үйге азық-түлік алу үшін дүкенге бардық. Ер адамның маған не істегенін видеодан көруге болады. Оның үстіне мұқият қарасаңыз, ол мені көшеден байқаған. Қатты мас болды. Бұл кісінің жазаға тартылғанын қалаймын", – деді бойжеткен.

Оның айтуынша, дүкен Гагарин мен Өтепова көшелерінің қиылысында орналасқан. Алматы полициясы қазір қылмыскерді іздеп жатқанын хабарлады.

"Аталған факті бойынша Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлері сотталушыларды анықтау және оларды одан әрі жауапкершілікке тарту мақсатында тексеру жүргізіп жатыр. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау