Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубайдағы әлем чемпионатында қазақстандық екі каратэші жүлде алды

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында каратэдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа еліміздің атынан 4 спортшы қатысып, екеуі жүлдегер атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіге дейінгі салмақта әлемдік доданың қола медалін жеңіп алды. Ол 3-орын үшін өткен кездесуде сербиялық Ивана Перовичті ұтты.

Ал ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов қола медаль үшін өткен жекпе-жекте бельгиялық қарсыласын жеңіп, үздік үштіктің қатарына кірді.

Бұл 20 жастағы спортшының ересектер арасындағы ең үлкен жетістігі.

Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Мөлдір Жаңбырбай украиналық спортшыдан, ал 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Қайсар Алпысбай морокколық қарсыласынан жеңіліп, төртінші орын алды.

Бұдан бөлек, Қазақстанның ерлер командасы қола жүлдеге таласады.

Талқылау