Достары қалжыңдаймыз деп туған күнінде ер азаматты өлтіріп қойды
Ұлыбритания тұрғыны Саймон Холдер 30 жас мерейтойында достарының әзілінің кесірінен көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Ер азамат катерде достарымен бірге ішімдік ішіп туған күнін тойламақшы болған. Осы сәтте масаураған жолдастары туған күн иесін суға итеріп жібереді. Британдық азамат судан шығып, катерге мінбекші болғанда қайықтың ескішіне қысылып қалады. Көп қан жоғалтқан азамат ауруханада көз жұмған екен.
Полиция тергеу жүргізе келе ер азаматтың кездейсоқ себептерге байланысты ажал құшты деген тоқтамға келген.
Үйлену тойында COVID-19-бен ауырған қыз 5 күннен соң қайтыс болды
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі