Досаев 10 тұрғынды "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағымен марапаттады
Алматы әкімі Ерболат Досаев 10 тұрғынды "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қала басшысы Алматының дамуына, өркендеуіне үлес қосқан 10 тұрғынды "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады. Олардың қатарына ғалым, дәрігер, суретші, қоғам қайраткерлері бар. Атап айтқанда:

- "Дос-Мұқасан" аты аңызға айналған вокалды-аспапты ансамблі, марапатты Мұрат Құсайынов қабылдап алды;
- Оразақ Исмағұлов – көрнекті антрополог ғалым;
- Алпысбай Қазғұлов – белгілі суретші, "Қазақстан Суретшілер одағы" РҚБ мүшесі;
- Жәния Әубәкірова – Қазақстанның халық әртісі;
- Мұрат Абдушукуров – қоғам қайраткері, "Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі" ҚБ төрағасы;
- Сәт Тоқпақбаев – мемлекет және саяси қайраткер;
- Ғахип Уәлиев – ҚР ҰҒА академигі;
- Асқар Жұмаділдаев – ғалым-математик, ҚР ҰҒА академигі;
- Құралбек Ордабаев – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері, футболшы;
- Зәуреш Аманжолова – акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрайымы.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар