"Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Литвинов Александр өмірден озды
Танымал “Дос-Мұқасан” ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы Литвинов Александр бүгін түнде дүниеден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабар “Дос-Мұқасан” тобының Instagram парақшасында жарияланды.
“Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті. Ол біздің "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы. Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын бейнесімен сақталады”, – делінген жазбада.
Желі қолданушылары да марқұмның жақындарына көңіл айтты.
“Арты қайырлы болсын”, “Жақсы адам, таланттың музыкант еді”, “Арты қайырлы болсын”, “Біз сізді ешқашан ұмытпаймыз, қош болыңыз”, – деп жазды желідегілер.
Талқылау
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.