Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Допинг дауы: Қазақстанда ауыр атлетикадан бір ғана Олимпиада чемпионы қалды

Қазақстанда ауыр атлетикадан бір ғана Олимпиада чемпионы қалды. Ол Алла Важенина, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

штанга допинг

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында ол 75 келіге дейінгі салмақта екінші орын алған, бірақ 2016 жылдың соңында ХОК қытайлық ауыр атлет Као Лейдің нәтижелерін жойғаннан кейін Важенина бірден Олимпиада чемпионы атанды.

Бұған дейін Қазақстанда ауыр атлетикадан барлығы алты Олимпиада чемпионы болды. Олар Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Нижат Рахимов. Оның үстіне Ильин екі дүркін Олимпиада чемпионы (2008 және 2012) болған еді. Алайда олардың барлығы қайта жүргізілген тексеруден кейін алтындарынан айырылды.



Еске салайық, 23 наурыз күні Спорттық арбитраждық сот (CAS) допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимовты Риодағы 2016 жылғы Олимпиаданың алтын медалінен айырды сонымен қоса спорттан 8 жылға шеттетіп тастады.

Ал Рахимовтың өзі бұл шешімге байланысты алдағы уақытта аппеляцияға шағым түсіретінін жеткізген.

Талқылау