Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада чемпионы медалінен айырылуына қатысты пікір білдірді

2016 жылы Риода өткен Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов алтын медалінен айырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нижат Рахимов

Спортшының сөзінше, оның ұсынған дәлелдері мүлде қабылданбаған. 

"Достар, наурыз қарсаңында CAS бақылау бойынша антидопингтік департаментінің шешімі көңіл күйімді түсірді.

Менің бұл жағдайға қатысымның жоқ екенін көрсететін дәлелімнің өткен жылдың тамыз айында өткен тыңдалымда қабылданбағаны өте өкінішті", - деді ауыр атлет. 



Рахимов алдағы уақытта аппеляцияға шағым түсіретінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасында өнер көрсететін ауыр атлет Нижат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алтын медальдан айырылып, сегіз жылға спорттан шеттетілгенін хабарлаған едік. 

Талқылау