Теміртауда турнир кезінде болған жаппай төбелестің себебі анықталды
Сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде полицейлер Теміртауда өткен футзал турниріндегі жаппай төбелестің себебін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, 21 наурызда Теміртаудағы спорт кешендерінің бірінде шағын футболдан әуесқойлар арасында жарыс ұйымдастырылған.
"Ойын кезінде ойыншылардың бірі ережені бұзып, қарсылас команданың ойыншысын итеріп жіберген. Мұны көрген екінші команда ойыншылары араша түскен. Нәтижесінде жанжал туындап, арты төбелеске ұласты", - деді полициядағылар.
Аталмыш дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлімі бойынша іс қозғалған.
Төбелес қатысушыларының барлығына сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Жаппай төбелеске "Имсталькон" мен "Ақ Жол" командалары қатысқан.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосына түскен полицейлердің жұмыстан шығуы заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды