Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында 3-орын алды
Қазақстандық спортшы Надежда Дубовицкая әлем чемпионатында биіктікке секіруден 3-орын алып, әлемдік рекордты қайталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан соңғы 10 жылда алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінді. Чемпонат Белградта өтіп жатыр, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Надежда Дубовицкая әлем чемпионатында биіктікке секіруден 1,98 метр нәтиже көрсетіп, үшінші орын алды. Бірінші орынды украиналық спортшы Ярослава Могучих, екінші орынды австралиялық Элеонора Паттерсон жеңіп алды.
Қазақстандық Надежда Дубовицкая сегіз елдің спортшыларын басып озды, сонымен қатар жабық кешендегі Азия рекордын қайталады.
Надежда Дубовицкая 12 наурызда 24 жасқа толды.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып