Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамптың жақтасы 22 жылға бас бостандығынан айырылды

Proud Boys (АҚШ-ғы неофашистік ерлер ұйымы) тобының жетекшісі Энрике Таррио 2021 жылдың қаңтарында Капитолийге басып кіріп, бұрынғы президент Дональд Трампты билікте қалдырмақ болғаны үшін 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Apnews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл Proud Boys көшбасшысына қатысты шығарылған ең ауыр үкім болды. Трамптың жақтастары 2020 жылы президенттік сайлауда Джо Байден жеңіске жеткеннен кейін билікті басып алуға әрекеттенді.

39 жастағы Таррио соттан жеңілдік сұрады. Соңғы сөзінде ол Капитолийге шабуыл жасауды "ұлттың масқарасы" деп атады. Сонымен қатар ғимаратты ашулы Трамп жақтаушыларынан қорғаған полицейлерден кешірім сұрады. Таррио өзін "саяси фанат" деп санамайтынын және өз әрекетімен зиян келтіргісі келмегенін мәлімдеді.

Прокуратура Таррионы бұдан да ауыр мерзімге – 33 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Айыпталушының адвокаты өз кезегінде қорғауында "террорист емес, патриот" екенін айтып, сот үкіміне шағымданды.

Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп билікті заңсыз ұстап қалуға тырысты деп айыпталуда. Оның соты 2024 жылы басталады.

Талқылау