Домбыра харам ба – Бас мүфти жауап берді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы домбыра харам ба деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚМДБ басшысының айтуынша, исламда домбыра және басқа да ұлттық музыкалық аспаптар харам емес. Бас мүфти ҚМДБ ішінде дін мен дәстүр мәселелерін зерттейтін және халық арасында түсіндіру жұмыстарымен айналысатын бөлім бар екенін айтты.
"Біз бірнеше рет Бейбітшілік және келісім сарайында пайғамбарымыздың құрметіне домбыра мен басқа да ұлттық музыкалық аспаптар шырқалған іс-шаралар өткіздік", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бұған дейін дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы ұлттық аспап домбыраны харамға теңеген қызға қатысты пікір білдірген еді.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"