Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Доллар десе қалтыраймыз": Лукашенко ШЫҰ-дағы әріптестерін доллардан бас тартуға шақырды

Астанада өткен “ШЫҰ +” форматындағы жиында Беларусь президенті Александр Лукашенко қаржы мәселесін көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Ол долларға тәуелді болмас үшін белгілі бір стандарттарды қабылдау қажет деп санайды. Лукашенконың айтуынша, Беларусь тарапы ұлттық валютадағы екіжақты төлемдер механизмін және ШЫҰ ұжымдық қаржы институтын құру мәселесін қарастырып жатыр.

“Біз бәріміз, алыппыз, ұлымыз деп айтамыз. Біз халықтың 40%-на теңбіз. Дүние жүзіндегі жалпы ішкі өнімнің үштен біріне жуықпыз. Сатып алу қабілетінің доллармен есептегендегі паритет бойынша төмендеуі. Тек біздің ұйымда екі ең қуатты көшбасшы бар – Қытай мен Ресей Федерациясы. Бұл доллар десе бәріміз қалтыраймыз”, – дейді Александр Лукашенко.



Ол америкалық валютаға тәуелділікті азайту үшін мүше мемлекеттерді белгілі бір стандарттарды қабылдауға шақырды. Сонда ғана "долларлық клубпен айла-шарғы жасайтындар" "мұның одан әрі жалғаса алмайтынын" түсінеді.

Лукашенко ШЫҰ-ның жаһандық саясаттағы рөлі жыл сайын нығайып келе жатқанын атап өтті. Ол Беларусь мемлекетінің салмағы мен беделі әлемде үнемі артып отыруы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

Бұған дейін Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитінде қандай құжаттарға қол қойылғаны туралы жаздық. 

Талқылау