Доллар бағамы қайта шарықтады: Айырбастау пунктерінде 529 теңгеден сатылып жатыр
2 желтоқсанда Қазақстандағы айырбастау пунктерінде доллар бағамы 529 теңгеге дейін жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы Қазақстан қор биржасында (KASE-де) 525 теңгеге жеткен. Ал Алматының айырбастау пунктерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада 530 теңгеден сатылады.
kurs.kz cкрин
Басқа қалаларда доллар бағамы (сатып алу/сату):
- Астана: сатып алу — 520 теңге, сату — 530 теңге;
- Алматы: сатып алу — 523 теңге, сату — 529 теңге;
- Ақтау: сатып алу — 513 теңге, сату — 519 теңге;
- Ақтөбе: сатып алу — 520,5 теңге, сату — 529,5 теңге;
- Қостанай: сатып алу — 522 теңге, сату — 528 теңге;
- Павлодар: сатып алу — 518 теңге, сату — 527 теңге;
- Семей: сатып алу — 514 теңге, сату — 527 теңге;
- Талдықорған: сатып алу — 520 теңге, сату — 527 теңге;
- Шымкент: сатып алу — 524 теңге, сату — 529 теңге.
"1 доллар 600 теңгеге жетуі керек": Экономистер доллардың өсуі Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты
Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының 500 теңгеден асуы “психологиялық сан” екенін айтты.
“Түсінемін, 500 деген психиологиялық сандар. Бірақ математик, экономист, тіпті бизнесмен ретінде қарасаң, өзгеріс тек 2%”, – дейді Сүлейменов.
Талқылау