Дмитрий Баландин жүзуден Болгария чемпионатында жеңіске жетті
Қазақстандық жүзгіш, олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Болгария ашық чемпионатында жеңіске жетті. Ол 100 метрге брасс әдісі бойынша жүзуден (1:01,42) алдына жан салмады.
Бұл қашықтықта ол болгариялық Лачезара Шумков (1:02.24) пен қазақстандық Айбек Камзеновты (1:02,59) артқа тастады. Баландин София төрінде екінші алтынына қол жеткізу үшін 200 метр қашықтықта да жеңіске жетуі тиіс.
Осыдан кейін спортшы 14-30 шілде аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысуы мүмкін.
Еске сала кетсек, қазақстандық жүзгіш Баландин былтыр өткен Рио олимпиадасында 200 метр қашықтықты брасс әдісімен жүзіп өтуде чемпион атанған болатын. Бұл жеңісіне орай тіпті Ақмола облысындағы бассейнге оның есімі берілді.
Оқи отырыңыз:
Қанат Ислам тек әлсіз қарсыластармен жұдырықтасады деп өзін сынағандарға жауап берді
Әділбек Ниязымбетов: Ақша бізге оңай жолмен келсе, неге елдің бәрі Олимпиада чемпионы болып кетпейді
Қазақстанның үздік бапкерлері мен ойыншылары анықталды
Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)