Дмитрий Баландин спорттағы мансабын аяқтады
2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жүзуден чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландиннің кәсіби мансабын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған.
Алматы тумасы Кореяның Инчхон қаласында өткен 2014 жылғы Азиаданың үш дүркін чемпионы және Кванджу қаласындағы 2015 жылғы универсиада жеңімпазы.
Осы жылдың қыркүйегінде қазақстандық спортшы үйленген болатын.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді

