Дияр Нұрғожай UFC-ге жолдама беретін турнирде қарсыласын нокаутқа жіберді
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай UFС тұжырымына жолдама беретін турнирде жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Eagle FC
Жеңілістің дәмін татпаған Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турниріне қатысып, жарқын жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жегінде PFL тұжырымының экс-чемпионын нокаутпен ұтқан Дияр Нұрғожай Dana White’s Contender Series турнирінде де қарсыласын алғашқы раундта нокаутқа жіберді. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Бартош Шевчукті “хайкик” соққысымен теуіп, сұлатып салды. Осылайша отандасымыз UFC-ге жолдама алдып, 4 жекпе-жекке келісімшарт алды.
Айта кетейік, Дияр Нұрғожай Хабиб Нурмагомедовтың лигасында яғни, Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған. Бұл оның шаршы алаңдағы оныншы жекпе-жегі және оныншы жеңісі.
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді