Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте директордың түнге дейін қара жұмысқа салғанын айтқан мұғалімді әріптестері ұрып тастады

Шымкент қаласындағы Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияның ұстазы Гүлжан Сәлімбаева басшылықтың өзіне тиесілі емес жұмыс істетіп, қысым көрсетіп жатқанын айтқан-ды. Қысымға шыдамай, талып қалған кезінде бір ұстаз бүйрегінін теуіп, екіншісі видеоға түсіріп алған екен. Алайда өзге ұстаздардың өзі мұны жоққа шығарып, тек алғашқы көмек көрсеткендерін айтып жатыр. Бүгінде Гүлжан ханым үш ұстаздың үстінен түсірген арызына жауап қайыру үшін заңгерге зәру екенін жеткізді. Алғашқы сот тыңдалымы 19 маусым күні өткен.

19366310_1842097166110503_4462446603132893893_n

Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлжан Сәлімбаеваның айтуынша, сәуір айының 4-12 күндері мектеп директоры Айман Жүсіпова және оның екі орынбасары Дана Асылбекова мен Айжамал Қозыбекованың нұсқауымен шағын аудандарды аралап, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдай деңгейін анықтаған. Дәлірек, тұрғындардан жұмыс пен із-түссіз жоғалғандар туралы ақпарат сұрастырған. Ұстаз 7 сәуір күні жұмысын аяқтап, ертесі күні сырқаттанып қалған анасына қарайлау үшін ауылға кетіп қалады. Сол күні директордың орынбасары Айжамал Қозыбекова оған хабарласып, мектепке сайланушылардың тізімін жылдам әкеліп беруді сұрайды. Өзі бара алмағандықтан, тізімді біреу арқылы беріп жібереді. Айтуынша, осы әрекеті үшін 10 сәуір күні директор оған намысына тиетін сөздер айтып, қоқаң-лоқы көрсеткен.

Ұстаз 11-12 сәуір күндері мектепте сабақ беріп, артынша түнгі сағат 11-ге дейін тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының деңгейін анықтауды жалғастырған. Сыныпта денсаулығы сыр беріп тұрған жерінен тексеріп кіріп, Айжамал Қозыбекова сенбі күні жұмыста болмағаны үшін акті толтырғанын айтып ескерткен. Мұнымен қатар, түсініктеме жазбаған жағдайда, үстінен екінші акті толтыратынын айтқан.

Гүлжан Сәлімбаеваның айтуынша, директор осы сәтте оған ауыр сөздер айтып, есінен талып қалатындай дәрежеге жеткізген. Басшылықтың қысым көрсетіп жатқанын көрген әріптестері мектепке жедел жәрдем шақыртады. Осылайша ұстаз жоспардан тыс кезекті демалыс алып, 17 күн бойы ауруханада емделуге мәжбүр болады. Оған дәрігерлер “ситуациялық невроз” деген диагноз қойған екен.

25 сәуір күні қазақстандықтардың барлығы оқи алатын кітапшаға өзінің арызын жазып, тағы да сөз естиді. Артынша директор денсаулығына байланысты кезекті демалысқа кетіп, тілшілерге сұхбат беруден бас тартады. Ал орнына қалған екі орынбасары керісінше Гүлжан Сәлімбаеваның өздеріне жала жауып отырғанын айтып ақталған. Бірақ, ұстаздарды үй аралауға жібергендерін мойындап отыр. Осы үшін оларға кезекті демалыс кезінде күн қосылады екен.

19149378_1177901289021989_1428558062572061632_n (1)

Ашынған ұстаз еліміздің бас педагогы Ерлан Сағадиевке хат жолдайды. Жауап келмеген соң, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан видео арқылы көмек сұрайды

“19 маусым күні сот тыңдалымы өтті. Екі тараптың талап-өтініштері қаралды. Талапкерлер маған талап-арыздарын орыс тілінде жолдаған екен. Осыған байланысты соттан өзіме аудармашы сұраттым. Талапкерлер мен менің арызым мазмұндас. Бірақ, олар маған қарсы шығып, мені жала жапты деп айыптап отыр. Алдымен, Білім министріне хат жолдаған болатынмын. Осы хат 25-не тіркелген екен. Олар ол өтініш хатты ОҚО Білім саласын басқару департаментіне жолдаған.

Артынша Ләззат Бектемірова мені тексерді, бірақ қандай қорытынды шығарғанын айтпады. Бар болғаны, жауапты Білім министрінен ала алатынымды жеткізді. Ақыры арызым Ішкі істер департаментіне түсіп, олар іс жүргізеді. 1 маусым күні менің өтінішімді шешім шығару үшін сотқа жолдаған екен. Бірақ, не нәрсенің негізінде жолдағанын білмеймін.  Менің арызым қаралып жатқан кезде, мектеп басшылары менің үстімнен арызданған екен. Яғни олар мені жала жапты деп айыптап отыр. Қазір қорғаушы жалдауға да ақша таба алмай отырмын. Сол себепті, қазақстандық барша заңгерден көмек сұрағым келеді. Менің ісімді соңына дейін қолға алатын адам болса, ризашылымды білдіремін”, – дейді Гүлжан ханым Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Аталған сот отырысына өзге мектептің ұстаздары да қатысқан екен. Шымкент қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің ұстазы Мейраш Тастемірова әріптесіне нақақтан қиянат жасалғанын айтады.

“Мен бүгін қиянатты көзіммен көріп қайттым. Көптен бері əлуметтік желіде көрсетіліп жүрген  Гүлжан Сәлімбаеваға жасалып жатқан қастандыққа қарап отыра алмадым. Сот процесі жабық есік түрінде шағын ғана аудиторияда орыс тілінде өтілді. Барған БАҚ өкілдері яғни Азаттықтың тілшілеріне қандай да бір бейне немесе аудио жазба жасауға тыйым салынды. Елбасыға жолдаған ашық мəлімдесі үшін №38 мектеп директоры Жүсіпова екі орынбасарымен бірлесе отырып Гүлжанды сотқа берген. Сотқа жүгінген əрбір талапкер Гүлжаннан 2 миллион, барлығы 6 миллион көлемінде ақша төлеп беруіді талап етіп отыр.

Ал Гүлжанның адвокат жалдауға да қаражаты жоқ қарапайым ұстазда қандай ақша?!Қолдарында мүмкіншіліктері бар, лауазымды қызмет өкілі бола тұра қарамағындағы қызметкеріне сонша қастандық жасай отырып, тағы одан ақша өндіріп алмақшы екен. Қарсы тараптың қорғаушысы да кекесінді мысқылмен, тəкаппарлықпен жоғарыдан жиркене қарап отыр. Сот процесінің қазақ тілінде өтілсінші деген өтінішін қарсы тараптың қорғаушысы “Орыс тілін білмейтін қандай ұстазсың?!” деп кінə артты. Қысқасы бұл өмірде қиянат жасаушылар неге сонша қаскөй болады екен?! Үш жардай-дардай əйелдер бір тырнақтай қызбен түсіністікке келуге болмайды екен”, – дейді Мейраш Тастемірова.


Жіберіп алмаңыз:

Жарнамадағы әдепсіздіктерге алаңдаған депутат “Просто Мария” киносын мысалға келтірді

Келімбетов зейнетақы қорындағы “ақшаның қайда жатқанын көрсетуді” ұсынды

Астана көшесінде жабынған әйелдер бір-бірімен төбелесті (видео)

Алматыда әпкесі мен анасының ұратынын айтқан 9 жасар қыз көлік астына түспек болды

Талқылау