Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дінтанушы Ардақ Байғабыл: Әйелдер білімсіздігі мен тәрбиесіздігінің салдарынан ажырасады

Ардақ Байғабыл қазіргі ажырасу мәселесі жайлы өз ойын айтты. Дінтанушы қазіргі отбасылардың екі жаққа кетуі әйелдерді білімсіздігінен деп болжады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Дінтанушы қазіргі ажырасып жатқан отбасылардың көпшілігі әйелдердің білімсіздігінен болып жатыр деп күйінді. 

“Алматы облысы, Қарасай ауданының сот өкілінен арнайы сұрағанда ол ажырасуға арыз беретіндердің барлығы әйелдер екенін айтты. Ер азаматы жұмыс істемегені үшін, ақша таппағаны үшін арыз беретін әйелдер де бар. Әйелдер ажырасуға білімсіздіктен барады. Екінші, тәрбиесіздіктен. Үйінде тал бесіктен тәрбие жоқ. Ер азаматқа қолдау керек шығар. Ерді көрге де, төрге де сүйрейтін әйел дейді. Сонда жұмыс істемеді деп ажыраса бере ме? Мен де екі жыл жұмыссыз болдым. Әйелім сотқа арыз беріп, ажырасып кеткен жоқпыз, құдай сақтасын”, – деді Ардақ Байғабыл.



Дінтанушы әйелдердер балаларының жай-күйін, болашағаны ойланбастан асығыс әрекетке барады деп айыптады. 

“Әйел балаларын ойлау керек. Күйеуім алимент төлесін дейді. Жұмыссыз жүрген еркек алиметті қайдан төлейді? Балаларымен қайда барарын білмей жүреді. Ер азамат екінші рет те, үшінші рет үйлене береді. Ол қиналмайды. Қиналатын әйел мен балалар. Мен қол көтеретін азаматтар туралы айтып жатқан жоқпын. Ол мүлде басқа әңгіме”,- деді ол.

Желі қолданушыларының бірі оның сөзін қолдаса, бірі қарсы шықты. Енді бірі әйел құқығы жайлы айтып сөз таласты.

Талқылау