Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дінтанушы Арман Қуанышбаев: Исламда вакцина алуға рұқсат береді

Дінтанушы Арман Қуанышбаев исламдағы екпе алу мәселесін сөз етті. Исламтанушы-теолог Ершат Оңғаров та исламдағы екпенің рөлі туралы айтып, өзінің вирусқа қарсы екпе алғанын атап өтті. 

Дінтанушы Арман Қуанышбаев та желіде вакцина туралы пәтуә сұрағандарға жауабын айтты. 

“Дінімізде екпе алуға рұқсат береді. Егер өзіңе не айналаға ауру жұғу қаупі болса, екпе алудың маңызы бар екенін айтады. Алайда ол ерікті түрде болу керек. Ешкімді еркінен тыс екпе салуға күштемеу керек”, – деді Арман Қуанышбаев.

“Ислам дінінде денсаулық – ең үлкен құндылық. Вакцина – ғылымның жетістігі десек, Ислам ғылымды қолдайды. Дәрігер мамандар коронавирус індетімен күресудің бірден-бір жолы вакцина екенін айтып отыр. Ал Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығы әрқашан бірінші орында тұрады.

Вакцина алу ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін қажет. Одан кейін отбасымыздың, үшіншіден, қоғамның қауіпсіздігі, маңайымыздағы әріптестеріміз, ағайын-тума, дос-жарандардың індетке шалдықпауы үшін екпе алудың маңызы зор.

Қасиетті құранда Алла Тағала "Бақара" сүресінің 195-аятында: "Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар", – деп бұйырған. Сондықтан, екпе алу арқылы індеттен сақтануды шештім. Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін! Әмин”, – деп жазды Ершат Оңғаров.

Бұған дейін онлайн брифинг барысында Ерлан Қиясов халал белгісі туралы медициналық тұрғыда ешнәрсе айта алмайтынын жеткізді. Ол қазір вакцинаның халал, халал емес екеніне қарап отыратын уақыт жоқ деді. 

"Бұл сұраққа медициналық тұрғыдан жауап бере алмаймыз. Вакцина ислам дінін ұстанатын мемлекеттерде де қолданылып жатыр. Қазір бұл мәселеге мән беретін жағдайда емеспіз. Өйткені жағдай тым ауыр. Барынша халықты вакцинациялау қажет. Бұл медициналық термин емес. Біз вакцинаның тиімділігіне қарайтын боламыз", – деді Қиясов. 

Ал вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, қазір салғызып жатқан ресейлік вакцина адамның бойындағы коронавирустық дененің өзінен жасалған.


Сарапшы: Вакцинасыз біз өмір бойы карантинде өмір сүреміз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр