Динара Сәтжан Мәскеу институтында терезеден құлап кеткен бойжеткен үшін ақша жинауға шақырды
Тележүргізуші Динара Сәтжан Мәскеудегі ММХҚИ терезесінен құлап кеткен қазақстандық студент қызды танитынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Динара Сәтжанның сөзінше, Мәскеудегі Халықаралық қатынастар институтының 4-інші қабатынан құлап кеткен Томирис өзінің танысы Жанна Ахметованың қызы екен. Бойжеткен оқуында үздік болған. Алайда дағыстандық жігіт институт терезесінен итеріп жібергеннен кейін, қиын жағдайға тап болды.
Өз кезегінде Динара Сәтжан бойжеткеннің ауыр жағдайда жатқанын айтып, оның өмірін аман алып қалу үшін ақша жинауға шақырды.
«Бүгін мен Томиристің танысым, стилист Жанна Ахметованың қызы екенін білдім. ММХҚИ-да үздік оқып жүрген қыз басқа студенттердің көз алдында институттың 4-інші қабатынан құлап кетті. Оған 3 рет ота жасалды. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр. Бойжеткенге және оның анасына көмектесейікші», – деп жазды тележүргізуші.
Естеріңізге сала кетсек, Мәскеуде ММХҚИ-дің 4-інші курс студенті инситуттың терезесінен құлап кетті. Қазіргі уақытта бойжеткен ауыр жағдайда жатыр.
Оқи отырыңыз:
Кино үшін: Ерке Есмахан қасын қырып, шашын қиып тастады
Танымал кәсіпкер Мұхтар Шахановтың пәтерақы қарыздарын төлеп беретін болды