Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Қырықбаева: Мен тұрмыста да өзімді жалғыз сезінетінмін

Қазақстандық әнші Динара Қырықбаева қазір бақытты екенін мойындады. Өнер иесі тұрмыста да өзін жалғыз сезінгенін, қазір балаларының әкесімен араласпайтынын айтты.

2020 жылдың желтоқсан айында Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді. Күйеуімен ажырасып кеткенін әнші бір жылға жуық уақыт бойы айтпады.

Жақында әнші ажырасқанына өкінбейтінін айтты, бірақ некені сақтау мүмкін болса, оны бұзбаған дұрыс деп санайды.

Бұл жолы желідегі жазылушылармен арада тағы осы маңызды тақырыпта әңгіме бастады. Жазылушылардың бірі ажырасқаннан кейін өзіне сенімсіздік сезімі пайда болғанын мойындады. Ал Қырықбаева сенімді жоғалтпау керек деп сендіруге тырысты.

"Енді мен бақыттымын. Тұрмысқа шыққанымда бәрі жақсы болған жоқ. Тұрмыста да өзімді жалғыз сезіндім. Алла ешкімді жалғыз қалдырмайтынын білемін және сенемін. Жалғыздық туралы ойламаңыз. Қолыңыздағы бар нәрсе үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік етіңіз. Және жеке өзім, саған бақыт тілеймін", – деп жазды әнші.

"Тұрмыста 4,5 жыл болдым. Мен оған балалары үшін алғысымды айтамын. Мен балалар, отбасы үшін өмір сүрдім", - деп мойындады Динара.

Үш баланың анасы да қазір бұрынғы күйеуімен араласпайтынын айтты.

"Әкенің бала тәрбиесіне қатысы бар ма?" деген сұраққа ол теріс жауап берді.

"Жоқ. Тек мен және менің ата-анам балаларды тәрбиелеп отырмыз. Балаларымның әкесімен араласпаймыз", - деді ол.


Талқылау