Динара Қырықбаева балаларының әкесіз өсіп жатқаны алаңдататынын айтты
Өнермен қош айтысып, күйеуімен ажырасып кеткен Динара Қырықбаеваның жеке өмірі көпшілікке қызық. Динара оқырман сауалдарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Динара Қырықбаева өзіне екінші рет тұрмысқа шығу туралы сұрақтың жиі қойылатынын жасырмады.
“Шынымды айтсам, өз адамымды кездестірмедім. Асығыс, “тұрмысқа шығу керек” деген оймен отбасы құрғым келмейді. Тұрмыста болдым, ненің, қалай болатынын білемін. Балаларым бар. Кейде ұйықтар алдында “балаларым әкесіз өсіп жатыр, әкенің жоқтығы білінеді” деген ойлар мазалайды. Бір жағынан, ештеңе өзгерте алмайсың. Менің болашағым алда, өз адамымды кезедстіремін деп ойлаймын”, – дейді Динара.
Оқырманның: “Сіздің мамандығыңыз қандай? Қай жоғары оқу орнын бітірдіңіз?” деген сауалына ол: “Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдағанмын. Мамандығым экономист-есепші”, – деп жауап берді.

Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"