Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динагүл Тасова: Боянбақ түгілі, университет бітіргенше қасымды жұлып көрмедім

Модель Динагүл Тасова кеудесіне пластикалық ота жасатқанын мойындады. Айтуынша, жоғарғы оқуды бітіргенше бір қасын жұлып көрмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан арнасының «Ниет» бағдарламасына сілтеме жасап.

Динагүл Тасова 

«Модель екенімді барлығы білетін шығар. Көбісі танып жатады. Модельдік бизнеспен айналысқандықтан, бізде сұлулық бірінші орында тұрады. Пластикалық отаға өзім бір жылдай морально дайындалдым, қажет деп санадым. Өз ниетіммен жасаттым. Бұл нәрсе «мамопластика» деп аталады. Негізі түр-түрі бар. Имплантсыз-ақ үлкейтуге болады. Уколдармен деген сияқты. Сондай-ақ, бір жасатқан соң өмір бойына қалатындай түрі бар», - деді Динагүл Тасова. 

Әрі қарай модель пластикалық отаның кері тұсы да болатынын жасырмады. Өзіне қатысты болашақта ана болған кезде сәбиін ұзақ уақыт емізуге рұқсат етілмейді екен. 

«Дәрігерлер «Ертең сен күйеуге шығып, бала туған соң, 4-5 ай ғана емізуің керек» деді. Жаратылысыма қарай көзім жетпейінше, сенбейтін әдетім бар. Әр адамның өзінің жеке ойы бар дегендей. Сол себепті хирург маманмен кездесіп, жеке кеңесін алдым. Компьютер графикасымен шығарып берді», - деді модель. 

Әрі қарай ол бір шешімге келуіне осы дәлелдердің сеп болғанын айтады. Өзі мұны пластикалық ота дегеннен «табиғи сұлулықты өңдеу» деп айтқанды жөн көреді. Сондай-ақ, кеудесінен өзге еш жеріне ота жасатып көрмегенін айтты. 

«Мен білетін жастар пластикалық отаны 18, 27-28 жастан бастап жасатады. Жоқ дегенді ернін жасатады. Өз басым әжімге 30 жастан кейін жасатуға кеңес беретін едім. Қазір жасым 29-да. Университет бітіргенге дейін бір тал қасымды жұлып көрмеген адаммын. Бояну былай тұрсын, шашымды қидырмадым. Осы пластиканы жасатқаныма бір жыл болды», - дейді ол. 

Бұдан өзге сән мамандарының өзінің терісінің түсіне тамсана қарағанын жасырмады. 

Талқылау