Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың жанкүйерлері әншінің туған күніне тосынсый жасамақ

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншінің туған күні қарсаңында ерекше  тосынсый жасамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170408215716

Guardians деп аталатын қытайлық жанкүйерлер тобы Димашқа деген құрметін оның туған күні қарсаңында Астанадағы үлкен LED экрандар арқылы жеткізбек. Олардың айтуынша, бұл шара қазіргі таңда Астанадағы көрнекті LED экрандармен келісіліп қойған.

20170414091353
«Димаш Құдайбергенге деген қытайлық жанкүйерлердің ықыласы шексіз. Оның өнерін жоғары бағалайды. Мен де  вейбо желісінде құрылған  Guardians жанкүйерлер тобының мүшесімін. Сондағы фанаттардың ұсынысымен Димаштың туған күнінде Қазақстан астанасындағы үлкен экрандар арқылы құттықтау жолдауды шештік. Мен Астанадағы ең көрнекті LED экрандардың бәрімен келісіп қойдым. Онда Димашты құттықтаған арнайы бейнеролик күні бойы айналып тұратын болады. Бұл Димаштың өнерін бағалайтын жандардың сыйлығы деп білерсіздер», – дейді ЕҰУ-дың студенті Ақеділ Нұрболатұлы.

Есте болса, өткен сенбіде Hunan TV арнасынан Singer-дің жартылай финалы көрсетілді. Димаш итальяндық әнші әрі музыкант Адриано Челентаноның «Confessa» әні мен «5-элемент» киносының «The diva dance» ариясын қоса шырқады. Singer-дің жеңімпазы 15 сәуірде тікелей эфирде белгілі болмақ. Димаш ақтық сында қытайлық әнші Шаң Венжемен дуэт айтады. Жеңімпазға «Патша әнші» атағы беріледі.

Талқылау