Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашты Қазақстандағы Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады

Қазақстан Республикасындағы Қытай халық республикасының елшілігі Димашты құрмет грамотасымен марапаттады.

8858

Бұл туралы әнші өзінің парақшасында хабарлады.

“Қытай және Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастары орнауының 25 жылдық мерейтойына орай Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Ханьxуэй мырза құрмет грамотасымен марапаттады!” – деп жазды әнші.

Бұған дейін галактикадағы жарық жұлдызға Димаштың есімі берілетіні туралы жария еткен болатынбыз.

Димаштың Қытайдағы телебайқауда атағы шыққалы бері, әлемді дара талантымен тамсандырып жатыр. Әсіресе, оның өзі мен өнеріне ғашық болған қытай қыздары әлеуметтік желі арқылы қазақ баласына деген сағыныштарын да айқын көрсетуде. Біраз уақыт бұрын Димашқа арналған кітаптың да шыққанынан хабардар етіп, сондай-ақ, оның француздық жанкүйерлерін де таңғалдырғанын жазған болатынбыз. Ал жақында ғана талантты әншіні Елбасының өзі қабылдап, ақ батасын берді.

Оқи отырыңыз:

Мейрамбек алғаш рет ұл-қызын бейнебаянға түсірді (видео)

Алты айдан бері ізбасарларына ат таппаған «Музарт» әншілері өзара келісе алмай жүр

Майғазиев: Ағам қайтыс болған кезде, мен сахнада ән айтып тұрдым

Жұлдыздар отан алдындағы борышын өтеуден неге қашқандарын түсіндірді (фото)

Талқылау