Димаштың бүкіләлемдік бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарық көрді
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің коронавируспен күреске арнаған әніне түсірілген бейнебаянның қазақша нұсқасы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Димаштың "We Are One" жаңа композициясына клип "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синьхуа Новости | Xinhua News" парақшасында пайда болғаны хабарланған. Онда кадрлардан дәрігерлер, еріктілер, гуманитарлық көмек, дүкендердегі бос сөрелер, бетперде киген адамдар, пандемияға ұласқан коронавирустың алғашқы ошағы болған Қытайдың Ухань қаласын көруге болады.
Ал енді бүкіләлемдік коронавирусқа қарсы күреске арналған осы композицияның қазақша бейнеклипі шығарылды. "Хабар" агенттігі "We Are One" әніне бейнебаян әзірлеуге қатысты. Бейнебаянннан пандемия орын алған елдердің кадрлары, қатерлі вирусқа қарсы күресіп жүрген дәрігерлердің еңбегі көрсетілген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"