AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш тағы бір айтулы жүлдеге ие болды

Миллиондаған жанкүйердің жүрегінінің төрінен орын алып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды.

18947656_111503916120028_3080458880946274304_n

Бұл туралы massaget.kz хабарлады.

Айта кетейік, Димаш “I am singer” байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі бесінші жүлдесі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады. Аталған шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіп алған еді.

Жіберіп алмаңыз:

 Димаш Джеки Чанның актер болу туралы ұсынысына жауап берді (видео)

Димаштың анасы 20 жыл бұрынғы хит әнін орындады

Шахизада 200 мың теңге тұратын аяқ киімін көрсетіп мақтанды (фото)

Қызбен сүйісіп тұрған Арынбаевтың ұлы желіні шулатты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр