Димаш пен оның қарындасының жылы құшағы жұрттың көңілін елжіретті
Әлемге әйгілі болған Димаш Құдайбергеннің өзінің туған қарындасымен түскен суреті жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Димаш пен Раушан Құдайберген Нью-Йоркте өткен концерт кезінде сахна сыртында құшақтасып суретке түсіпті. Бұны көрген Димаштың тыңдармандары ағынан жарылды.
"Бұл суреттен махаббат, қамқорлық пен бақыт анық көрініп тұр ғой", - деп жазыпты желі қолданушылардың бірі.
"Нағыз аға деген осындай болады", - депті тағы біреуі.
Бұған қоса Димаштың АҚШ-тағы концертіне Раушаннан бөлек, Димаштың інісі Мансұр да қатысыпты.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте дүркіретіп өнер көрсеткені айтылған еді. Жиналған жұрт әншінің әндерін тыңдап, көздеріне жас алған. Димаштың бұл концертіне жас өнерпаз Айкерім Тілеубек те ән шырқапты.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған