Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген тағы бір жас әншіні әлемге танытты

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі коцертінде халықаралық «Baqytty bala-2019» балалар байқауының жеңімпазы Айкерім Тілеубек өнер көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Димаш Құдайберген тағы бір жас әншіні әлемге танытты

Айкерім – елордалық №82 мектептің 6 сынып оқушысы. 2019 жылдың шілдесінде ол «Baqytty bala» балалар байқауында бас жүлдеге ие болып, Димаштың концертіне жолдама алған. 

"Алғашында мен концерт қай қалада болатынын білмедім. Ұйымдастырушылар бұл туралы кейінірек айтты. Мен Нью-Йоркте өнер көрсететінімді білгенімде менің қуанышымда шек болмады. Бұл менің бала күнгі арманым еді. Ол орындалған кезде бұл әлемде менен бақытты адам болмады", - деді Айкерім.

Айтуынша, ол бала кезінде Нью-Йорк қаласындағы Бостандық мүсінін көруді армандап, бұл туралы аяз атаға хат жазыпты. Өзінің АҚШ қаласында ән шырқайтынын есітігенде, Айкерімнің есіне осы кез түсіпті.  

Димаш Құдайберген тағы бір жас әншіні әлемге танытты

"Мен Қазақстанның елордасының тұрғынымын. Бұған дейін мен Түркия және Мәскеуде болдым. Әлемді аралап шығу – менің армандарымның бірі. Мен Нью-Йоркке баратын сәтті тағатсыздана күттім", - деп қосты жас өнерпаз. 

Жас әнші өзінің Димашқа еліктейтінін жасырмады. Сөзінше, өзінің жасына қарамастан Димаш әлемге танылып үлгерген. 

"Мен дәл біздің елімізде осында әнші шыққанын мақтан тұтамын. Мен Димашқа ұқсағым келеді. Ол секілді өзімінің қарапайым қазақилығымды жоғалтпай, әлемге танылғым келеді. Өз отанымның, қазағымның атын шығарғым келеді", - деп бөлісті әнші қыз. 

Айта кетерлік жайт, былтыр Димаш Құдайбергенмен бір сахнада өнер көрсету қуанышын Ақтөбе қаласының тұрғыны Нарғыз Жанұзақова иеленген еді. 

Димаш Құдайберген тағы бір жас әншіні әлемге танытты

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш концертімен Америка жұртын аузына қаратқаны айтылған еді. 

Талқылау