Димаш пен Данэлия қатысатын әлемдік байқауда қазақстандық актриса әділқазы болмақ
Қазақстандық актриса әрі продюсер Гаухар Нұртас The World’s Best байқауында Қазақстан атынан әділқазы ретінде төрелік етеді.

Байқауға әлемдік деңгейдегі өнерпаздар қатысады. Оның ішінде Димаш Құдайбергенов пен Данэлия Төлешова бар.
“The World’s Best байқауында біздер, әділқазылар, кімнің жеңімпаз екенін анықтаймыз. Мен Қазақстан атынан төрешімін. Еліміз атынан Димаш пен Данэлия бақ сынайды”, – дейді Гаухар Нұртас.
Шоу 3 ақпаннан бастап CBS арнасынан көрсетіледі. Оған әлемнің талантты қатысушылары – әншілер мен бишілер, цирк өнерпаздары, иллюзионистер қатысады.
Әділқазы алқасында актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз, әнші Фейт Хилл бар. Қатысушылар үш әділқазыны ғана емес, әр саладан құралған 50 сарапшының алдынан өтеді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен