Димаш Құдайберген онлайн концерт өткізеді: Ән шашу кешін қайдан көруге болады
ҚР мәдениет және спорт министрлігі танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Bastau live Show концертін онлайн өткізбекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Көрсетілім 13 мамыр күні сағат 20:00-де министрліктің YouTube арнасында өткізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Димаштан бөлек онлай ән шашу кешінде "Астана Операcының" солисі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы, ресейлік әнші Кристина Орбакайте, британдық әнші, композитор Софи Эллис-Бекстор, швециялық әнші, "Еуровидения-2012" лауреаты Лорин өнер көрсетеді.
Айта кетерлік жайт, Bastau шоу-бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің ең алғашқы жеке концерті болды. Ол 2017 жылы елорданың "Астана Арена" залында дүркіреп өткен еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды