Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Маңғыстау өңірінің туризмін дамытпақ

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген Маңғыстау өңіріне барып, туризм саласымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi/

Өнер иесі Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен жүздесті. 

“Димаш, қасиетті Маңғыстау жерінде сені көргенімізге өте қуаныштымыз. Сенің бұл сапарың – облысымыздағы туризмді дамытуға зор серпін береді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудың туризм саласындағы әлеуетінің жоғары екенін айтып, дамытуды тапсырған еді. Бүгінде біз бұл салаға тың серпін беру үшін инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, туристер үшін қызмет сапасын жақсарту бағытында жұмыстанып жатырмыз. Баку және Дубай қалаларының үлгісімен Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарау мәселесін қолға алдық. Туристерді тарту мақсатында "Жылы жағажай" аумағында бірқатар ірі жобалар жасалып жатыр. Бұйырса Ақтауды ірі курорттық орталыққа айналдыру жоспарымыз бар, – деді облыс әкімі. 



Сондай-ақ өнер иесі Kazakh Tourism-нің амбассадоры ретінде Маңғыстаудың тарихи-мәдени жерлерін аралап шығып, алған әсерін бөлісті. 

“Бозжыраға жақындай бергеннен бастап, керемет әсерге бөлендік. Ертегі әлеміне тап болғандай күй кештік. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Туризм саласын дамыту бағытында алған істеріңізге сәттілік тілеймін. Демалыс орындарын дайындау, ішкі, сыртқы туристерді тарту оңай жұмыс емес. Бізде ел мүддесі үшін, мәдениетімізді дамыту бағытында жұмыс істесек одан басқа арман жоқ. Осы елдің баласы болғандықтан барынша қолдауға дайынбыз, – деді Халық әртісі. 

Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің Астанадағы жеке концертінің билеттері бір сағаттың ішінде сатылып кеткенін жазған едік. 

Талқылау