Димаш Құдайберген Джеки Чанның фильміне саундтрек жазды
Димаш Құдаайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін жазды. Бұл туралы әнші өз желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Достар, жақсы жаңалығыммен бөліскім келеді. Джеки Чанның «Авангард» атты жаңа фильмі шығады. Фильмнің саундтрегінде менің әнім жазылды. Кино көріп қайтсаңыздар болады. Атақты актер Джеки Чанның фильмін көріп, бір жағы менің де әнімді тыңдап қайтасыздар», – дейді әнші өзінің Instagram-парақшасында.
Еске салсақ, Джеки Чан «Авангард» фильмін түсіру барысында өлім аузынан аман қалғаны туралы айтқан болатын.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған