Димаш Құдайберген дәрігерлердің жалақысын көтеруге шақырды
Әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысын көтеруге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында дәрігерлерге жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді.
"Өз өмірлерін қатерге тігіп, басқаларға көмектесіп жүрген медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтамын. Кеше мен Қазақстанда екі адам коронавирустан емделді деген жаңалықты көрдім. Бұл тек бастамасы. Мен барлық Қазақстан дәрігерлеріне және бүкіл әлемнің дәрігерлеріне бас иемін", - деп жазды Димаш.
"Егер қазақстандық дәрігерлердің жалақысы көтерілсе немесе ең болмаса сыйақы берілсе жақсы болар еді", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде жұмыс істейтін дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне бір лауазымдық жалақы мөлшерінде үстеме ақы төлеуді бұйырған болатын.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"