Димаш Құдайберген БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
ҚР халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген ШЫҰ саммитіне келген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттеришпен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/?
Өнер иесі ұйым өкілімен не жөнінде әңгіме айтқанын жасырмады.
“Біз көші-қон мәселесін талқыладық. Мен бұл істі қолдайтынымды айттым.
Бас хатшы көші-қонның маңыздылығына тоқталып, мені міндеттемем үшін құттықтады. Антониу Гутерриш мырза менің шығармашылығым дүниежүзіндегі миллиондаған тыңдарманға жеткенін және адам құқықтарын қорғауға септігі тигенін айтты. Демек, мен өз талантымның арқасында әлемге өзгеріс енгізе алады екенмін. Осы сәтті бөліскеніме қуаныштымын!”, – деп жазды әнші.
-
Беларусь Шанхай Ынтымақтастық ұйымының қатарына ресми түрде қосылды
-
Путин, Си Цзиньпин, Ердоған: ШЫҰ саммитіне Астанаға кімдер келді, не айтылды
Айта кетейік, Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі ШЫҰ-ның бас хатшысы болып тағайындалды.
Сондай-ақ, желіде Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген қонақтарға ұсынылған ас мәзірі пайда болды.
Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитін қорытындылады. Жиын барысында елдер көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету үшін кең ауқымды мәселелерді талқылағанын айтты.