Димаш Құдайберген АҚШ-тың MTV арнасында бейнебаяны қазақ тілінде шығатын алғашқы қазақстандық атанды
Димаш Құдайбергеновтың бейнебаяны MTV USA арнасында шығады, ол қазақ тілінде әні шырқалатын Қазақстанның алғашқы әртісі болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dimashnews.com-ға сілтеме беріп.

Бейнебаянды MTV USA арнасында, ал АҚШ-тан тыс көрермендер үшін MTV-дің ресми YouTube арнасында көруге болады.
"Мен бүкіл әлемдегі шығармашылығымның жанкүйерлеріне осыған қолжеткізуіме көмектескені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Менің қымбаттыларымның тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен баға жетпес қолдауының арқасында балалық армандарымның бірі іске асты. Мен өте қуаныштымын, Сіздерге деген алғысым шексіз", - деді Димаш.
Қайрат Нұртастың анасы: Димаштың өмірі маған қызық емес
Видео 2 қазан, жұма күні сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін Нью-Йорк уақыты бойынша (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 03.00-ден 06.00-ге дейін) жарияланады. Бұл Америкадағы арнаның ең көп адам көретін уақыт боп саналады.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды
"Сахнада сақау, сауатсыз әншілер көп": Жеңіс Ысқақова әріптестерінің деңгейін сынады
Әндерінің мазмұны жұтаң, мағынасы жоқ