Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш келесі кезеңде “Күзгі мұң” атты әнді қытай тілінде орындайды

Димаш Құдайбергенов I am a Singer жобасының төртінші кезеңінде қытай тілінде ән орындайды. Бұл туралы Димаштың ресми өкілі Алпамыс Шәрімов Instagram-дағы тікелей эфир қызметі барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Dimash-04-040217

Әннің қазақша баламасы “Күзгі мұң” деп аталады. Тікелей эфир барысында Алпамыс Шәрімов тыңдармандарға әннің түпнұсқасын тыңдатты.

Бұдан бөлек, ол Димаштың алдағы кезеңдерге қызу дайындық жасап жатқанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысуда. Ол сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, 1 орынды қанжығасына байлады. Ал үшінші кезеңде Димаш үшінші орынды еншіледі. Десе де қазақ әншісі жалпы есепте қарсыластарын баса озып, көш бастап тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Атақты Джеки Чан Димашты кездесуге шақырып оған күртешесін сыйлады

Димашпен кездесу барысында Джеки Чан қазақ тілінде сөйлеген (фото)

Қайрат Нұртас Димаштың әлі де өз әні мен стилін таппағанын айтты

Димаштың «сүйіктісімен» түскен суреттері қытайлық жанкүйерлердің ашуын тудырды (фото)

Талқылау