Димашпен кездесу барысында Джеки Чан қазақ тілінде сөйлеген (фото)
Димаш Құдайбергеновпен кездесу барысында әлемге әйгілі актер Джеки Чан қазақ тілінде сөйлеген. Бұл туралы Димаштың PR-менеджері әрі жақын досы Алпамыс Шәрімов Instagram-дағы тікелей эфир қызметі арқылы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Джеки Чан Димашты кездесуге арнайы шақыртқан. Қазақ әншісінің даусына тәнті болған ол Димашқа күртешесін және ән тыңдау құрылғысын сыйға тартты. Ал Димаш оған қазақтың шапанын кигізіп, құрмет көрсетті. Әңгімелесу барысында Джеки Чан қазақ тілінде сөйлеген.
Бұдан бөлек, Алпамыс Шәрімов алдағы уақытта Димаштың Джеки Чанмен достық қарым-қатынаста болатынын айтты.
“Джекидің жай ғана бір рет бізбен кездесіп емес, әрі қарай достық қарым-қатынаста болатынын айтқым келеді! Ұлы актер – ұлы тұлға! Өз еңбегімен әлемге танылған жан! Нағыз өнер адамы!” – деп жазады ол.

Жіберіп алмаңыз:
Димаштың «сүйіктісімен» түскен суреттері қытайлық жанкүйерлердің ашуын тудырды (фото)
Бақытбек Есентаев қатаң тәртіптегі түрмеге жеткізілді
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады