Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың «сүйіктісімен» түскен суреттері қытайлық жанкүйерлердің ашуын тудырды (фото)

Қытайдың белді басылымы «Хуанцю шибао» «Ойын-сауық» айдарында Димаш Құдайбергеновтің жеке өмірі туралы материал жариялады, -деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

дим4

«Шынтуайтында, сіздердің күйеулеріңіз Димаштың (басылым жанкүйер қыздарды кекете айтуда) сүйіктісі бар, екеуінің қарым-қатынасы да тамаша», – деп жазған басылым, Димаштың бойжеткен қызбен құшақтасып отырған суреттерін орналастырған. Олардың кейбірінде жігіттің келбеті жасырылған. Фотосуреттерге қарағанда, олар Нұрсәуле Әубәкірованың (nursaule_aubakirova) жеке парақшасынан алынған.

дим2

Бұл жаңалық Қытайдың әлеуметтік желілерінде жағымсыз реакция тудырды. Ашуға булыққан жанкүйер қыздар Димаш туралы жалған ақпараттар таратпауды сұрауда. Олардың пайымынша, суреттер – жәй ғана фотомонтаж.

«Сене алар емеспін! Менің жігітім сондай сұлу, әрине, әйелдер фотоны монтаждап, оны өзінің жанына қоя алады. Оның үстіне, ол жобаға қатыса бастағаннан бері, мен оны қызбен бірде-бір рет көрген емеспін. Редактор, негізінде, сен жалған қауесеттерді тарата отырып, біздің күйеуіміздің танымалдылығын одан сайын арттырып отырсың.

дим3

Саған менің қолым жетпесе де, оның мыңдаған әйелі (жанкүйерлер) еш аяусыздық танытпастан сені қарудың барлық түрінен атып тастайды», – деп материалдың астына өз пікірін қалдырған Димаштың жанкүйер қыздарының бірі.

 

дим5

Еске салайық, Димаш Құдайбергеновтің өнеріне табынушы қытайлық қыздар оның әуе рейстеріне билеттер сатып алып, қазақ тілінде хаттар жазуда.

Осы күндері Қытай телеарнасындағы «Singer 2017» ән байқауына қатысып жатқан отандасымыз оның екі кезеңінде – бірінші, үшіншісінде 3-орын алып, жобаға қатысуын жалғастырып келеді. Оның қытайлық әлеуметтік желідегі жазушылар саны миллионнан асты, оған ақындар өлең-жырлар арнап, қыздар қазақша үйреніп, хаттар жазуда. Жанкүйерлер өз парақшаларын Димаштың суреттеріне толтыруда.

дим1

Тіпті, Қытай дүкендерінде отандасымыздың келбеті бейнеленген бұйымдар, тұрмыстық заттар сатыла бастады. Димаштың өнеріне тәнті болған әлемге танымал әнші Лара Фабиан онымен кездескісі келетінін айтты. Ал күні кеше ғана белгілі актер, кинорежиссер Джеки Чан Д.Құдайбергеновті кездесуге шақырып, әңгімелескен болатын.

Оқи отырыңыз:

Димаш қытайлық қызға бауыр басып қалғанын айтты

Қытайлық жанкүйерлер құмның бетіне Димаштың суретін бейнеледі (видео)

“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?

Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды

 

Талқылау