Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?

Димаш Құдайбергеновтың “Мен әншімін” байқауындағы қарсыластары – Малайзия, Қытай, Тайвань, Канада сынды мемлекеттердің танымал әншілері.

16465780_1821668914759300_6357308607540756480_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Құдайбергеновтың “Мен әншімін” байқауына қатысып жатқанына бірнеше айдың жүзі болды. Аталған байқау әлі де бірнеше айға созылмақ. Осы орайда, Димаштың қазақстандық тыңдармандарымен оның қарсыластары туралы ақпаратты бөлісуді жөн көрдік. Олар туралы Алпамыс Шәрім кеңінен айтып өткен-ді.

51 жастағы Сэнди Лэм Гонконг қаласының тумасы. Ол – “Азиялық ең үздік альбом”, “Гонконгтың ең танымал әншісі” және т.б марапаттар иегері, 37 альбомның авторы. Қытайлық көптеген телехикая мен кино актрисасы.

“LION” тобы – атақшы әнші Джам Хсиаоның бастауымен құрылған тайвандық рок тобы.

Хсиао өте танымал. Гонконг жұлдыздар марапатында “Ең үздік әнші”(2012), Golden Melody Awards “Ең үздік әнші”(2013) MTV awards “Ең үздік әнші”(2008) және т.б. 2007 жылы, 2008 жылы Қытайдағы “Ең танымал адам” атағының иегері.

35 жастағы Чжан Цзе – қытайлық поп әнші әрі актер. Mnet Asian Awards “Ең үздік Азия әншісі” (2007); Дәстүрлі алтын диаграмма иегері (2011); АМА “Ең үздік шет ел әншісі”(2014).

31 жастағы Чжао Ли (31 жас. Қытай) – қытайлық әнші және актер. Дәстүрлі “Music Awards” “Top ten music альбом” иегері. “Біздің уақыт” ұлттық концерттік турға шыққан. “Өсу мүмкін емес” (2016) альбомы көптеген марапатқа ие болды.

14583547_164503650704296_8964118937465782272_n

40 жастағы Тан Цзин – қытайдың танымал әншісі. Австрияның Вена қаласында жеке концертін беріп, Европа көрермендерінің қошеметіне бөленген. Атақты “Ұлы Қытай қақпасына” алғаш жеке ән кешін берген әнші. Шет елдік Роберт Уэллс, Гленн Хьюз, Уинн Эванс, Блэйк сынды атышулы жұлдыздармен бірге өнер көрсеткен. Атақты актер Джеки Чанның ең жақын досы және онымен бірге дуэт айтқан бірінші әнші болып табылады. 2012 жылы УЕФА қауымдастығына пресс хатшы қызметін атқарады.

61 жастағы Тереза Карпио Канада елінде дүниеге келген. 1975 жылдан бері қарай Гонконг қаласында өзінің телеарнасы бар. Терезаның аты Жапония, Сингапур, Малайзия, Таити, Австралия, Тайланд, Бруней, АҚШ және Канада елдеріне кеңінен танымал. Тереза көптеген атақты әншілердің ұстазы. Өзімен бірге ең алғашқы шәкірті Сэнди Лэм “I am Singer” жобасына қарсылас ретінде қатысып жатыр.

46 жастағы Майкл Вонг – Малайзияның ең танымал әншісі. Көптеген мемлекеттік марапаттар иегері. Қытай мен Малайзия мәдениет қарым-қатынасының ресми өкілі болып табылады. Азиялық музыка жүлделерінің иегері.

32 жастағы Тиа Рэй 2004 жылы Жапонияда кәсіби білім алған. Дэвид Бекxаммен бірге 2013 жылдан бастап Ұлыбританияда Warner өкілі.


Жіберіп алмаңыз:

Жанкүйерлері Димаш отырған ұшаққа билет алуды шығарған

Димаш пен оның досы жұртты Бағым Мұхитденованы қараламауға шақырды

Үшінші орын алған Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді

Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)

Талқылау