Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова қалың жауған қарды күреп тастады. Осылайша 50-ді еңсерген елдің сүйікті әншісі көпшілікті таңғалдырды.

макпал кар-040217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ақпанның үшінен төртіне қараған түні жауған қалың қар Алматыны басып қалды. Арнайы қызметкерлер қаланы ақ түсті “нұрдан” тазалаумен айналысып жатыр. Ал қала тұрғындары өз аулаларын тазартумен әлек. Олардың қатарынан елге белгілі әншілер де шет қалмайды.

Бұл ретте Мақпал Жүнісова өз ауласының қарын тазалап, дүйім жұртты таңғалдырды. Небәрі бір сағатта оның қар күреп жатқан видеосын 40 мыңға жуық жан тамашалап, мыңнан аса пікір қалдырған.

“Дәл осы қарапайымдылығыңызға басымды иемін”, “Жарайсыз, Мақпал апай, Алла денсаулық берсін”, “Керемет жансыз”, “Сахнада ғана емес, өмірде де ширақы, еркесіз”, “Мәәә, Мақпал апай, сізді осындай қарапайым деп ойламаппын”, “Қолыңыздан қуат кетпесін, Мақпал тәте”, “Таза фитнес есігіңіздің алдында екен ғой”,”Нағыз еңбекқор адам, кез келген нәрсеге өз еңбегімен жетеді”, – дейді тамсанған желі оқырмандары.

 

Бүгінгі қар армансыз жауды, Мерейжан терезеден түсіріп алыпты.

Видео опубликовано Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)


Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа қазақ тілінде романтикалық хаттар жаза бастады

МС Сайлаубек қайтадан ішкілікке салынып кетті (видео)

Мәдина Сәдуақасова тыңдармандарының көңілін біржола қалдырды

БАҚ: Димаш I am a Singer жобасының үшінші кезеңінде үшінші орын алды

Талқылау