Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үшінші орын алған Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді

Димаш Құдайбергенов қатысып жатқан I am a Singer жобасы эфирден берілді. Димаш Құдайбергенов үшінші кезеңде үшінші орын иеленіп, келесі айналымға жолдама алды. Сондай-ақ, ол жалпы есепте қарсыластарынан баса озып тұр.

Dimash Kanatuly-040217

Бұл туралы оның ресми өкілі Алпамыс Шәрімов жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл жолы Димаш Queen тобының “The show must go on” әнін орындады. Алпамыс Шәрімов үшінші байқау күнінің қорытындысын жария етті. Ол бойынша:

Димаш Құдайберген (22 жас. Қазақстан) – 3 орын. Жалпы есепте: 1 орын.

Тан Цзин (40 жас. Қытай) – 1 орын. Жалпы есепте: 2 орын.

“Lion” тобы (Тайвань) – 5 орын. Жалпы есепте 3 орын.

Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) – 6 орын. Жалпы есепте: 4 орын.

Чжан Цзе (35 жас. Қытай) (жаңа әнші) – 4 орын. Жалпы есепте: 5 орын.

Чжао Ли (31 жас. Қытай) (жаңа әнші) – 2 орын. Жалпы есепте 6 орын.

Тереза Карпио (61 жас. Канада) – 7 орын. Жалпы есепте: 7 орын.

Бұдан бөлек, малайзиялық Майкл Вонг пен қытайлық Тиа Рэйдің жарыстан тыс қалғаны белгілі болды.

Келесі кезеңде 7 әнші өнер көрсетіп, олардың біреуі жарыстан шеттетіледі.

Еске сала кетейік, жерлесіміз сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, 1 орынды қанжығасына байлады. Ал күні кеше қытайлық БАҚ Димаштың үшінші кезеңде үшінші орын алғанын жазған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа қазақ тілінде романтикалық хаттар жаза бастады

Жанкүйерлері Инстаграмды Димаштың қолдан салынған суреттерімен толтырды (фото)

Қытайда Димаштың суреттері бейнеленген заттар сатыла бастады (фото)

Лаки Кесоглу: Витастың мүмкіншілігі Димаштікінің жанында түк емес

Талқылау