Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лаки Кесоглу: Витастың мүмкіншілігі Димаштікінің жанында түк емес

Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Лаки Кесоглу Витас пен Димаш Құдайбергеновтің “Опера №2” әнін орындауларын салыстырды. Оның айтуынша, Витастың дауыс мүмкіншілігін Димаштікімен салыстыруға да келмейді.

Лаки Димаш-020217

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Кесоглуның айтуынша, Димаш әлемде сирек кездесетін контртенор деп аталатын дауыс иесіне жатады. Ал Витастың даусына ол «дамыған фальцет қана» деп баға берді.

“Димаштың даусы сирек. Оның дауыс түрі тенор альтино немесе контртенор деп аталады. Ол классика жанрында дами алады. Бірақ ол мұны қаламайды. Әлемде контртенорлар саусақпен санарлық. Олар танымал емес, бірақ бар. Бұл өте сирек кездесетін дауыстар. Ол өте жас, 22 жаста осындай зор жетістікке жетіп отыр. Оны Витаспен салыстырудың қажеті жоқ, мен сізге ресми мәлімдеме жасай аламын – Витастың мүмкіншілігі Димаштың даусының жанында түк те емес”, – деп мәлімдеді ол.

Кесоглу I am a Singer байқауында отандасымыз Димаш Құдайбергеновті жеңімпаз атанады деп болжады.

“Бүгінде Димаш көш басындағы әншіміз. Оның қасына ешкімді де қоюға болмайды. Қалған жұлдызсымақ әншілер оның маңына да жақындай алмайды. Ал оның Витаспен салыстыру білімсіздіктен. Витасты тыңдап көріңіздер, ол өз даусымен айтқанда арғы жағында ештеңенің жоқ екенін байқайсыз. Оның даусы фальцет, дамыған фальцет қана, осы мүмкіндігін қолданып қана жүр. Таяуда Витастың продюсері әндерін айтуға тыйым салды деп естідім, бұл дегеніңіз олар бәсекелестіктен қорқып отыр деген сөз. Ал меніңше, бұл конкурста Димаш жеңімпаз атанады”, – дейді ол.

Есте болса, Димаш Қытайда өтіп жатқан ән байқауының екінші кезеңінде Витастың әнін орындап жеңіске жетті. Одан кейін ресейлік әнші рұқсатсыз әнін шығарғаны үшін қытайлық телеарнаға шағымданды. Ал авторлық құқық маманы байқауларда кез келген әнді орындауға болатынын айтып, бұл ретте Витастың Димаштың өзіне ешқандай сын таға алмайтынын жеткізген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Димашты сынаған дінтанушы өз сөздеріне түсініктеме берді

Жұлдыз ауруы: Психикалық дертке шалдыққан 10 танымал тұлға (фото)

Ерке Есмахан мінсіз мүсінін көрсетемін деп ұрыс естіді (фото)

Жартылай жалаңаш трансвеститпен суретке түскен Сиви елді шошытты

Талқылау